28 Қыркүйек, 2024
81
ЕЛІМІЗДЕ ҚХА ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН 1200-ДЕН АСА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
Түркістан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты республикалық отырысы өтті.
Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі - ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты.
Мемлекет басшысы өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан өңірлік Ақсақалдар кеңесін құруды тапсырған еді. Бүгінгі күні, елімізде 1200-ден астам Ақсақалдар кеңесі құрылып, ел ынтымағын арттыру, қоғамдық келісімді сақтау мен бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында белсенді жұмыстар атқаруда. Кеңес құрамына танымал тұлғалар, қоғамдық пікір көшбасшылары, этномәдени және ардагерлер бірлестіктері мен басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Жалпы, әртүрлі деңгейдегі кеңестердің құрамында 7 мыңнан аса азамат бар.
Келелі кеңесте сөз алған ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қазақстанның әр өңірінен келген абыз ақсақалдардың жаңа ашылған Достық үйіндегі отырысы жақсылықтың нышаны екенін айта келе, бұл нысан барша түркістандықтардың бас қосатын берекелі ғимаратына айналатынына сенім білдірді.
“Қазақ қоғамында ақсақалдар – даналық пен әділдіктің символы. Олар бейбітшілік пен бірлікті сақтай отырып, ел арасындағы мәселелерді шешуде әділ төрелігін айтқан. Бүгін де сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз жастарға дұрыс жол сілтеп, ұлттық құндылықтарды, әділеттілікті санасына сіңіруге септігін тигізе алады. Бұл орайда, аса маңызды міндетіміз – адал азаматтарды тәрбиелеу. Президент айтқандай, «Адал азамат» – бұл ең үздік қасиеттерге ие, адал еңбек етіп, табысқа жетіп, адалдық пен әділеттілікті бәрінен жоғары қоятын тұлға». Ақсақалдар кеңесінің қызметі аясында әрбір азаматтың санасына осы құндылықтарды тыңғылықты жеткізу біздің ең басты міндетіміз,” - деді ол.
Ғалым Шойкин өз сөзінде ақсақалдардың этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы рөлі мен маңызына тоқталып, олардың қатысуы қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал ететінін атап өтті.
Басқосуда еліміздің әр аймағынан келген ақсақалдар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ел бірлігін нығайту жолында халықпен, мемлекеттік құрылым өкілдерімен кездесулердің маңызы жөнінде ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.
Жалпы, өңірлік Ақсақалдар кеңесінің өкілдері отырысқа оң баға беріп, мұндай шараларды алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізуді ұсынды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Дүнген республикалық этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы Зайнуддин Абдулбахтиярович Махусеевпен кездесуі өтті
-
Марат Әзілхановтың «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ төрағасы және «Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қоры» ҚБ директоры, «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг қауымдастығы» РҚБ Басқарма кеңесінің төрағасымен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығы» ЗТБ тең төрағалары Ахмет Сейдарахманович Мурадов және Юсуп Хасанович Келиговпен кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары«Lituanica» ҚБ төрағасы Тварионас Виталий Иономен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстанның дағыстандық этномәдени бірлестіктер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Юсуп Абдурахманович Шахшаевпен кездесуі өтті
-
Марат Әзілхановтың «Иверия» грузин этномәдени қоғамдық бірлестігі» төрағасы Зураб Гедеванович Бобохидземен кездесуі өтті
8 Қазан, 21:02
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Ақмола облысының әкімімен кездесті
8 Қазан, 21:58
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Ақмола облысының Достық үйінің қызметімен танысты
9 Қазан, 17:36
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов пен ҚР ПӘ ҚХАХ сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдиновтың сапарлары Степногорск қаласында жалғасты
8 Қазан, 13:55
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚХА СТУДЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ
9 Қазан, 00:00
ҚХА Төрағасының орынбасары Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесті