Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қыркүйек, 2021

286

Елорда Достық үйінде қалалық мәслихат депутаттарымен кездесу болды

Елорда Достық үйінде қалалық мәслихат депутаттарымен кездесу өтті. Кездесу алдында депутаттар мекеме қызметімен, елордалық этномәдени бірлестіктердің хал-ахуалымен танысты.

Нұр-Сұлтан қалалық ҚХА жанында Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» РЖҚ жастар қанаты, журналистер клубы, 56 шығармашылық ұжым, 12 этнолингвистикалық мектеп секілді қоғамдық құрылымдар жұмыс істейді.

Депутаттар концерт залының жоқтығын мәслихат сессиясында қарау қажеттігін атап өтті. Достық үйі елордадағы мағызды орындардың біріне айналған, мұнда күн сайын түрлі іс-шаралар, шетелдік делегациялармен кездесулер және тағы басқа маңызды жиындар өтеді.

Кейін қарай