Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қазан, 2021

298

Елорда Достық үйіне Польша Республикасының делегациясы келді

Елордалық Достық үйіне Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің орынбасары Томаш Коллаттың басшылығымен Польша Республикасының делегациясы келді.

Бұл кездесуді Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық елшісі Малгожата Оборон Туар ұйымдастырды.


Кездесудің мақсаты – іскерлік және әлеуметтік байланыстар орнату, академиялық және мәдени ынтымақтастықты нығайту, Вроцлав қаласын таныстыру.

«Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы Бабамұратов Дәурен Әбутәліпұлы кіріспе сөзінде:

- Біздің бүгінгі кездесуіміз еліміз үшін айтулы күн – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр! Дәл осындай атаулы күн қарсаңында поляктар қазақстандық қоғамның ажырамас бөлігі болғанын атап өтуге болады. Бүгінде елімізде 40 000, Нұр-Сұлтанда үш мыңға жуық поляк тұрады. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат қазақстандық мемлекеттілікті құруға, Қазақстан халқының бірлігі идеясын нақты іске асыруға бағытталған.


Кездесуге Қазақстан поляктар одағының өкілдері және Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Polacy» ҚБ мүшелері қатысты.


Кейін қарай