Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қазан, 2021

244

Елордада Қазақстан халқы достығының XXII фестивалі болды

Елордадағы «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан – достық әлемі» атты Қазақстан халқы достығының XXII фестивалі өтті.


Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды. Қазақстан халқы достығының фестивалі дәстүрлі мерекеге айналды, елорда тұрғындарын үшін сүйікті болып, бірлік пен келісімнің, амандық пен жақсы көңіл-күйдің айқын символына айналды.

Іс-шараның мақсаты – этностардың мәдениетін, салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық бастамаларын ынталандыру. Бұл мереке этностардың өз тамырларын есте сақтауына, ұлттық дәстүрлерін қалпына келтіруге көмектеседі.

Іс-шараға елордалық Ассамблеяның этномәдени орталықтарының 17 шығармашылық ұжымы қатысты. Сондай- ақ, құрметті қонақтар мемлекеттік органдардың, елшіліктердің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары болды.


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы – Ғалым Нұрмағанбетұлы Шойкин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Ілияс Юсупұлы Буларов, «Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы Дәурен Әбутәліпұлы Бабамұратов құттықтау сөз сөйледі.

Дәурен Әбутәліпұлы атап өткендей: «Бүгінгі күрделі кезеңде әлемнің түрлі өңірлерінде этносаралық және конфессияаралық шиеленіс күшейе түсуде. Осындай қиын жағдайларда біз ең алдымен көздің қарашығындай қоғамдағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен азаматтық келісімді сақтауға, балаларды көпұлтты халқымыздың жоғары рухани-адамгершілік құндылықтары негізінде тәрбиелеуге тиіспіз».

Мерекелік іс-шара фестиваль қатысушыларына алғысхаттар мен сыйлықтар табыстаумен аяқталды.


Кейін қарай