Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Тамыз, 2019

1722

Елордада бас қосқан жастар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады

Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы Қоянды ауылында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен этномәдени орталықтардың жастарының қатысуымен «Jastar joly» атты форум өтті.

Жастар жылы аясында жастардың бір-бірімен етене танысып, еркін форматта өзара тәжірибе алмаусына, жақсылыққа, болашаққа бағдар алған жастардың уақытын тиімді өткізуіне форумда баса назар аударылды.  


Екі күн бойы жастар көңіл көтерерлік бағдарламамен қатар әр саланың білікті мамандарынан мотивациялық тәжірибе жинақтады.

Алғашқы спикер - Алпамыс Шаримов. Тренинг тақырыбы: «Тұлғалық өсу: ауыл және әлем» болды.

Кешкі уақыт жиһангез Динара Болаттың «Әлемге саяхаттау: мен және әлем» атты тақырыптағы саяхат әлемінің қыр-сырларымен бөліскен тренингімен жалғасты. Жастар спикерлерге сауалдарын қойып, кездесу соңы естелік суретке түсумен жалғасты.

Кеш соңында форум қатысушылары мерекелік алау жанында бас қосып, домбыра мен гитарада түрлі әндер орындап, Абай Құнанбаев және Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқыды.

Форумның екінші күнінде құрылыс мекемесінің негізін қалаушы Мөлдір Меңсұлу және жас кәсіпкер Азамат Қаппасов кәсіпкерлікте жеткен жетістіктері мен өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Шараның жабылу салтанатында екі күндік форумға қатысқан этномәдени орталықтардың барлық жастарына арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталды. 


Кейін қарай