Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Мамыр, 2021

451

Елордада ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Қайрат Абдрахмановпен онлайн кездесу өтті

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Қайрат Абдрахмановпен онлайн кездесу өтті.



Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Садвоқасова, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Хадиша Ерсейітова, ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко және т.б. қатысты.



Қайрат Абдрахманов өз сөзінде елдегі білім, қауіпсіздік, татулық мәселелеріне тоқталып, Еуропа мемлекеттеріндегі мысалдарды келтіре кетті. Оның сөзінше, Латвиядағы үш тілділікке қарамай, тұрғындары 90% латыш тілін біледі. Жоғары комиссар Қазақстанда да мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі осындай жоғары көрсеткішке жеткенін құптайды. Сонымен қатар, Қайрат Құдайбергенұлы қырғыз-тәжік шекарасында болған жағдайға тоқтала келе, бұл жайттың Қазақстанға сабақ екенін жеткізді.




ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов еліміздегі ассамблеяның рөлі, атқарып жатқан жұмыстары мен жоспарлары жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.


Кейін қарай