Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қыркүйек, 2020

486

Елордада ҚХА өкілдеріне қошемет көрсетілді

Елордалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясына - 25 жыл» мерекелік медальдарын тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты шараға Ассамблеяның қызметіне зор үлес қосқан ҚХА өкілдері қатысты.


Марапаттау рәсімін аша отырып, Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Рахманберді марапат иелеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне қосқан ерекше үлесі үшін алғыс айтты. «Уақыт талабына қарамастан, сіздер этносаралық келісімді нығайту бойынша өз жұмыстарыңызды онлайн-режимде атқарғандарыңызды білеміз. Өз игі істеріңізбен сіздер ұлтқа, жасқа және қызмет түріне қарамастан, қиын сәтте біртұтас халық ретінде әрекет ете білдіңіздер», - деп атап өтті Т. Рахманберді.


Карантинге қарамастан, елордалық Ассамблея қоғам қайраткерлері мен шетелдік өкілдердің қатысуымен 93 іс-шара, оның 70-і онлайн-режимде өтті.

Т. Рахманберді қала Ассамблеясы қызметінің басты бағыттарының бірі қайырымдылықты дамыту екенін атап өтті. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында елордалық Ассамблея жалпы сомасы 36 млн теңгеге 70 шара ұйымдастырғанын еске сала кетейік.


«Елордалық Ассамблея мәртебесі этномәдени бірлестіктердің мүшелеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз бірге ортақ іс жасаймыз – тәуелсіз Қазақстанды дамытамыз!», - деді ішкі саясат басқармасының басшысы.


Кейін қарай