Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Ақпан, 2020

1450

Елордада ҚХА-ның Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді

6 ақпан күні cағат 16:00-де елордалық Достық үйінің (Б.Момышұлы даңғылы, 24/9) мәжіліс залында «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері мен қоғамдық кеңестердің өзара әрекеттестігі» тақырыбындағы Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесі, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі, «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының, Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясының филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысады деп күтілуде.

Кейін қарай