Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Маусым, 2021

222

Елордада ҚХА Журналистер клубының отырысы болды

2021 жылдың 2 маусымында Достық үйінде ҚХА Журналистер клубының отырысы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласы БАҚ және ҚХА өкілдері арасында тұрақты байланыс орнату, өзара әрекеттесудің болашақ бағыттарын анықтау.

Модератор ретінде Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынқызы сөз сөйледі.

Кездесу барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Қоғамдық келісім" РММ директорының орынбасары Константин Харламов өз ойымен бөлісті.

Журналистер клубының төрайымы болып ҚР "Новый век" Телерадиокомпаниясы " АҚ өкілдігінің басшысы Аделия Тухбатова сайланды. Хатшы болып Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Қуат Ахметжанов бекітілді. Клуб құрамына қалалық, сондай-ақ этникалық БАҚ өкілдері, редакторлар мен журналистер кірді.



Кейін қарай