Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қараша, 2021

219

Елордада студенттік ғылыми жұмыстар байқауының қорытындысы шығарылды

Елорда Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған этносаралық келісім тақырыбындағы студенттік ғылыми жұмыстар байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.

Елордалық оқу орындарының ғалымдары, профессор-оқытушылар құрамы кафедра меңгерушілері, магистранттар мен докторанттар, студенттер, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысқан марапаттау рәсімінде ҚХА Хатшылығы-Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Тайгокова Гүлнар Ноянқызы, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Садықов Тлеген Садықұлы құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Гүлнар Ноянқызы қоғамдық келісімді нығайтуда үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Сонымен қатар елордалық Достық үйі студенттер мен ұстаздар үшін тәжірибе алмасатын, жаңа идеялармен бөлісетін мекеме екендігін атап өтті.

Айта кету керек, байқау Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми әлеуетін тарта отырып, этносаралық келісім мен Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайту, елдегі этносаяси және этноәлеуметтік жағдайды жетілдіру мақсатында өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша орындар төмендегідей берілді:

I орын Дүйсенғалиұлы Ақылжан 100 000 теңге сомасында сертификатқа ие болды

II орын Тыныбек Тилеубекке 80 000 теңге сомасында сертификатқа ие болды

III орын Ұланқызы Дауаға 60 000 теңге сомасында сертификатқа ие болды

Сонымен қатар, 5 номинация бойынша үздік жұмыстардың авторлары Hard disk түріндегі ынталандыру сыйлықтары және грамоталармен марапатталды, олар - «Өзекті тақырып» номинациясы бойынша Жанатаев Диас, «Жобаның жаңалығы» номинациясы бойынша Серікқалиқызы Айпара, «Ұжымдық жұмыс» номинациясы бойынша Шакиржанов Темірлан и Тулепберген Айбек, «Үздік ресімделген жұмыс» номинациясы бойынша Садыков Арлан, «Авторлық бірегей шығарма» номинациясы бойынша Абдысұлтан Альбина.

Іс-шараға қатысушы қонақтарға Достық үйі бойынша экскурсия және Нұр-Сұлтан қаласының ҚХА этномәдени бірлестіктерінің үздік шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Кейін қарай