Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Маусым, 2019

4617

Елордадағы «Жетісу» саябағында қырғыз, белорус, ұйғыр және еврей әндері шырқалып, билері орындалды

Нұр-Сұлтан қаласының «Жетісу» саябағында қала әкімдігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қырғыз, белорус, ұйғыр және еврей этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап концерт ұйымдастырды.

WhatsApp Image 2019-06-02 at 20.15.06.jpeg

Жаздың жайма шуақ демалыс күнінде елорданың көз тартарлық әдемі саябақтарының бірінде жиналған жұртшылық өз өнерлерін ортаға салған этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топтарымен бірге әуелетіп ән салып, бұрала би билеп, көңіл көтерді.

DSC_0188.JPG

Естеріңізге сала кетсек, «Студенттер» саябағында 5 мамыр күні елорда Ассамблеясының татар-башқұрт, славян және шешен-ингуш, 12 мамырда украин және неміс, 19 мамыр күні «Жерұйық» саябағында дала казактары мен корей, 26 мамыр күні «Жетісу» саябағында өзбек, грузин, поляк және қарақалпақ этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары өз өнерлерін паш еткен болатын.

WhatsApp Image 2019-06-02 at 19.50.57.jpeg

DSC_0012.JPG

Кейін қарай