Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Мамыр, 2019

2924

ЕЛОРДАДА ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ ҮШІН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІК ПАЙДА БОЛДЫ

Жастар жылы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Jastar» коворкинг-орталығы ашылды.

IMG_4187.jpg

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті директоры Әбіл Жоламанов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Әлия Мұхамеджанова, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмұрбаев қатысты.

IMG_4154.jpg

Коворкинг-орталық академиялық кітапхананың бесінші қабатында орналасқан.

IMG_4167.jpg

Орталықтың ауданы бес жүз шаршы метрден тұратын кең бөлме, онда ыңғайлы жұмыс үшін қажетті жабдықтар бар: тегін жоғары жылдамдықты Wi-Fi, жылдам интернет, принтерлер мен сканерлер, ыңғайлы креслолары мен үстелдері бар жұмыс орындары көп.

IMG_4172.jpg

Орталық жеті аймақтан тұрады. Біріншісінде жоғары жылдамдықты интернетке қол жетімділігі бар компьютерлер орналасқан.

IMG_4161.jpg

Екіншісінде дебаттар мен шеберлік сыныптар өткізуге болады.

IMG_4152.jpg

Мәжіліс залы

Үшіншісі конференциялар, кездесулер мен келіссөздер өткізуге арналған.

IMG_4171.jpg

Төртінші – кітапхана сервисі, онда пайдаланушы кітапхана қорынан кітапқа тапсырыс бере алады және кітапхана жазылған отандық және шетелдік деректер қорына қол жеткізе алады.

IMG_4160.jpg

Коворкингте кездесулер мен келіссөздер өткізу үшін орындар қарастырылған, сондай-ақ бірлескен және жеке жұмыс үшін де аймақтар бар.

IMG_4155.jpg

«Relax Tapchan» демалыс аймағы

Орталықтың келушілері үшін асханамен жабдықталған және ыстық сусындар қойылған кофе-поинт және relax tapchan – ұлттық стильде безендірілген демалыс аймағы жұмыс істейді.

IMG_4157.jpg 

Кофе-поинт

Кітапхана қызметкерлері атап өткендей, алдағы уақытта коворкинг-орталық жетілдіріліп, дамитын болады. Алғашқы келушілер коворкинг-орталықтың артықшылықтары мен жұмыс ыңғайлылығын бағалай алды.

IMG_4166.jpg

Іс-шараны ұйымдастырушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан орталықтың ашылуымен құттықтап, «Жарасым» жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмұрбаев Ұлттық академиялық кітапхана еліміздің кітапхана жүйесінің бетке ұстары екенін және өзінің ашықтығы мен креативтілігін әрдайым көрсете алатынын атап өтті.

IMG_4183.jpg

«Ұлттық академиялық кітапхана келушілер мен оқырмандар үшін әрқашан ашық. Менің ойымша, бұл орталық біздің жастар үшін жаңа мүмкіндіктердің есігін ашады және осы коворкинг негізінде жаңа серпінді және креативті идеялар туатынына сенімдімін», – деп атап өтті РЖҰ төрағасы Тимур Жұмұрбаев. 

Орталықтың жабдықталуымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Әлия Мұхамеджанова да танысып өтті.

IMG_4224.jpg

«Бұл орталық жастарға арналған идеялар генераторы болады деп үміттенемін. Мұнда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына жақындататын жобалар пайда болады», – деді Әлия Мұхамеджанова.

Айта кету керек, «Jastar» коворкинг-орталығының пайдаланушылары белсенді жастар, студенттер, бастаушы кәсіпкерлер, фрилансерлер, сондай-ақ 15-30 жас аралығындағы өзін-өзі дамытуға ұмтылатын оқырмандар болады.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Кейін қарай