Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Ақпан, 2021

560

Елордадағы Достық үйінде Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Елордадағы Достық үйі ұйымдастырған дөңгелек үстелде ана тілі мен қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы турасында сөз болды.

"Халықаралық ана тілі күні. Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың шығармашылығындағы ана тілі мен халықтың бірлігі" атты жиын онлайн режимінде өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар мен этномәдени орталықтардың өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты. Іс-шараға жиналған спикерлер Халықаралық ана тілі күнімен тұспа-тұс келген қазақтың ұлы ақынының 175 жылдығын жақсылыққа балады.


Олар сөз барысында Жамбылдың қазақ поэзиясын дамытудағы рөлін және оның халық бірлігі рухын нығайтуға қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ, «Радима» беларусь мәдени орталығы өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қазақ, армян, орыс және неміс тілдерінде өлеңдер оқыды.

Кейін қарай