Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Шілде, 2019

3787

Елордалық ҚХА әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға көңіл бөлу мақсатымен қайырымдылық акциясын өткізеді

11 шілдеде сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ-де (Көктал ауылы, Аққорған к., 2) «Әлем сіздермен мейірімді!» атауымен жыл сайынғы қайырымдылық акциясы өтеді.

Акцияның мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына көңіл бөліп, қамқорлық жасау, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын іске асыру.

Іс-шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынып, ұлттық тағамдарға арналған дастарқан жайылады деп күтілуде.

Бұл акцияны елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын тұрақты түрде өткізіп келеді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі қайырымдылық істерді үйлестіруші ретінде, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтушы ретінде маңызды рөл атқарып келеді.

Кейін қарай