Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Ақпан, 2020

1116

Елордалық ҚХА-ның еріктілер қозғалысы Қордайға көмек ретінде 10 тонна жүк жөнелтті

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы «Біз біргеміз!» еріктілер қозғалысыныі аясында Жамбыл облысына азық-түліктер және тұрмыстық заттарды жөнелтті.


Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы «Біз біргеміз!» еріктілер қозғалысының аясында Жамбыл облысына азық-түліктер және тұрмыстық заттарды жөнелтті. Бұл игі шара елордадағы еріктілердің көмегімен іске асырылды.


«10-шы және 13-ші ақпан аралығында өткен акцияға атсалысқандардың қатары көп болды. Қала тұрғындарымен қатар елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері де көмек көрсетіп, халықпен бірге екендігін танытты. Барлық азық-түлік және тауарлардың жарамдылық мерзімін тексеріп, арнайы қораптарға салып, 10 тонналық жүк көлігімен жөнелттік», - дейді ҚХА Еріктілер қозғалысы «Әлеуметтік» бағыт үйлестірушісі Татьяна Левченко.


Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы елордалық Достық үйінде 2019 жылдан бері жұмыс істейді.

Кейін қарай