Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Ақпан, 2020

3705

Ералы Тоғжанов: ҚХА-ның құрылуына 25 жыл толуымен құттықтаймын

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы. Соған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңес мүшелерінің атына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғажановтан құттықтау келіп түсті.


Құрметті Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Тәуелсіз мемлекетіміздің қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша қызметті атқарып келе жатқан Конституциялық орган - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына 25 жыл толуымен құттықтаймын.

Әлемдік өркениетке жүзден астам ұлттың бір мемлекетте келісімді өмір сүру өнегесімен танылған Ассамблея институтының өміршеңдігі, танымалдығы, нәтижелілігі сіздердің - этнос басшылары, қоғам және ғылым қайраткерлері, белсенді жастардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі мен адалдығының нәтижесі.

Мемлекетіміздің дамуы қоғамдық тұрақтылыққа негізделеді. Осы бағытта атқарып жатқан игілікті істеріңізге мол табыс тілеймін.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурызды Нұрсұлтан Әбішұлы Алғыс күні деп жариялауының астарында терең мән жатыр.

Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың биылғы жылды Еріктілер жылы деп жариялауы да қоғамымызда адамгершілік пен қайырымдылықты дәріптеуге, бірлікті бекемдеуге, бір-бірімізге жанашыр болуға, жақсылыққа алғыс айтуға бағыттап отыр.

Осы бағыттағы жұмыстың басында Қазақстан халқы Ассамблеясының болуы міндетті.

Алғыс айту – адамгеркшіліктің ең биік көрінісінің бірі.

Бүгін біз бар мен жоқтың, жақсы мен жаманның, даму мен артқа шегінудің, жетістік пен жеңілудің айырмашылығын білетін білімді, білікті қоғамда өмір сүріп жатырмыз.

30 жылдық Тәуелсіздік тарихын біз бірге, өз қолымызбен жасап келеміз.

Алғыс айту күні – Ұлы дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, тәуелсіз елдің бүгініне алғыс, біртұтас елдің ертеңіне үлгі-өнеге.

Қазақстан қоғамының бірлігіне бағытталған игілікті істеріңіз үшін алғыс айтамын.

Қызметтеріңізге абырой, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.

Ералы Тоғжанов,

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары

Кейін қарай