Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Сәуір, 2022

537

Этномәдени бірлестіктердің би фестивалі өтті

«Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге орай Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Алматы» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен елорданың этномәдени бірлестіктерінің би фестивалі өтті.


Фестиваль бағдарламасы заманауи бидің түрлі бағыттарын, жарқын заманауи хореографиялық жұмыстарды және түрлі стильдер мен бағыттарды кеңінен таныстыруды көздейді. Би фестивалі әлемдік хореографиялық өнердің, ұлттық мәдениеттің байлығын көрсетуге бағытталған.


Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жас таланттарды анықтау, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар би шығармашылығын қолдау және дамыту, сондай-ақ еліміздегі жалпыұлттық бірлік пен келісімді қолдау болып табылады.

Фестивальге өзбек, қырғыз, неміс, армян, корей, украин, поляк, шешен-ингуш, дала казактары және қарақалпақ этномәдени бірлестіктерінің бишілері қатысты. Қатысушылар сан түрлі ерекше билерімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Шығармашылық ұжымдар фестивальге қатысқаны үшін «Алматы» ауданы әкімінің алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Кейін қарай