27 Тамыз, 2022
248
«Этномедиация: жалпы және ерекше жанжалдарды реттеу» тақырыбындағы конференция
2022-жылдың 26-27 тамыз күндері Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында «Этномедиация: жалпы және ерекше жанжалдарды реттеу» тақырыбында конференция өтті.
29 сәуірінде 2022 жылы ҚХА-ның 31 сессиясында Мемлекет басшысы Ассамблея мен оның құрылымдары алдындағы медиация желісі бойынша екі бағытын белгіледі: этномедиация институтын дамыту және құқық қорғау қызметіне қатысу.
2022 жылғы 5 тамызда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық медиация кеңесінің кеңейтілген отырысында бірінші бағытты жүзеге асыруға қатысты мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдар өкілдерін этномедиация дағдыларына оқыту үрдісін ұйымдастырумен қатар, этномедиация оқу орталығын құруға бағытталған негізгі шаралар белгіленді.
Екінші бағыт бойынша Ассамблея медиаторларын адам құқықтарын қорғау, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы тұру, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу мәселелеріне тарту қажеттігі айтылды.
Конференцияның басты мақсаты - өңірдегі қоғамдық медиаторлар жұмыстарының белсенділігін арттыру, татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру және медиаторлардың жұмысындағы шешімін таппаған өзекті мәселелерді саралап, тың ұсыныстарды талқылау.
Конференцияға аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық ішкі саясат, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, Қоғамдық келісім және Аналар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, мектеп мұғалімдері қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
-
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті
-
Марат Әзілханов «Дүнгендердің республикалық этномәдени орталығы» РҚБ Жетісу облысы филиалының есептік-сайлау конференциясына қатысты
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаевтың Астана қаласының мектеп және студенттер парламенттерінің президенттерімен кездесуі өтті
-
Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Бірлік ансамблі» ән-би ұжымының тұсаукесер-концерті
-
«Тоғызқұмалақ» ұлттық спорты бойынша жалпықалалық турнир
21 Наурыз, 13:03
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз, 13:01
Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
22 Наурыз, 13:56
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
вчера, 17:00
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
26 Наурыз, 13:20
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті