Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Тамыз, 2022

203

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ТАРИХИ-МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЛАРДЫҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

2022-жылғы 11-тамызда өңіріміздегі этнос өкілдері «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы аясында Түркістан қаласындағы тарихи-мемориалдық мұражайлармен танысты.

Іс-шараға өңірдегі этномәдени бірлестіктер өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері және облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Шара барысында қатысушылар Н.Оңдасынов және Н.Төреқұлов атындағы мұражайларға экскурсия жасады. Бұдан соң, шаһардағы С.Ерубаев атындағы мұражай мен «Ұлы Дала Елі» орталығына барып, тарихи жәдігерлермен танысты.


– Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында: «Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз» деген болатын. «Қазақтану» жобасы елімізде мекен ететін этностар арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, өзіндік принциптерін дәріптеуге бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, елді біріктіретін ұлттық бірегей жоба. Бүгінгі шарада этнос өкілдері бірнеше музейге барып, білім көкжиегін кеңейтіп, көптеген тың деректерге қанық болды. Іс-шара болашақта да жалғасады, - деді «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Е. Баетов.

Шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, естелік суретке түсті.


Кейін қарай