Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қазан, 2022

339

Еуразия ұлттық университетінің магистранттары және докторанттарымен кездесу

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов этносаралық қатынастар тақырыбын зерттейтін Еуразия ұлттық университетінің магистранттары және докторанттарымен кездесу өткізді.

«Этнополитология» білім беру бағдарламасының магистранттары мен саясаттану докторанттары өздерінің ғылыми зерттеулерін таныстырып, еңбектерінің мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Этносаясат саласында кәсіби кадрлар даярлау өзекті мәселелердің бірі.

Этносаясат бойынша білім беру бағдарламасы – бұл саясаттану кафедрасының, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының, этносаралық қатынастар саласында үнемі ақпарат алмасуға, зерттеулер жүргізуге, этносаясат бойынша халықаралық тәжірибені зерделеуге мүдделі халықаралық қатынастар факультетінің бірлескен жұмысы.

Әңгімелесу барысында жоспарланған зерттеулердің мазмұны мен бағыттарына қатысты тілектер айтылды.

Жас ғалымдармен мұндай кездесу жақсы дәстүрге айналды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы әрі қарай да сапалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ЕҰУ магистранттары мен докторанттарына жан-жақты қолдау көрсететін болады.

Кейін қарай