Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қыркүйек, 2019

1234

Италияндық депутат Достық үйінде болды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың Италия Республикасы Парламентінің депутаттар палатасының депутаты Эмануэла Россинимен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйі мен этномәдени бірлестіктердің жұмысы таныстырылып, Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында екіжақты байланыстарды нығайту және кеңейту мәселері талқыланды.


«Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тату-тәтті бір шаңырақ астында тұрып келеді. Мемлекет тарапынан барлық этностардың мәдени дамуына қолдау көрсетілуде, бұл сондай-ақ, елдегі тұрақтылық пен келісімнің сақталуына кепілдік береді. Қазақстан ұлттық саясат жүргізуде азаматтық теңқұқылық позициясын ұстанады. Этностардың мүддесі ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады деуге болады, себебі, Қазақстан халық Ассамблеясының төрағасы Конститиуция кепілі – ел Президенті болып саналады. Этностардың Парламенттегі кепілді өкілдігі ретінде, Мәжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясымен сайланады», - деген Жансейіт Түймебаев кездесу барысындағы сөйлеген сөзінде сондай-ақ, этникалық мәселелердің саяси мақсаттарда пайдаланылуына ешқашан жол берілмегендігін, және этникааралық қатынастарды жүзеге асыруда Қазақстанның аз ұлттар құқығы жөніндегі барлық халықаралық стандарттарды ұстанатынын айтты.

Эмануэла Россини Қазақстанға 23-24 қыркүйекте елордада өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Әріптестік» тақырыбындағы 4-ші отырысына қатысу үшін келген. Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделінің жүзеге асырылу тетіктері мен жолдарына қызығушылық білдірген шетелдік депутат кездесу кезінде елордалық мектеп пен Еуразия ұлттық универсиетінде болып, Қазақстанның білім беру жүйесімен танысып үлгергенін айтты. Оны әсіресе, үш тілде білім алған оқушылар мен студенттердің зеректігі таң қалдырыпты. Сондай-ақ, ол Қазақстанның сан қырлы мәдениетімен, ғажайып тұрмысымен танысу барысында, тілі мен түрі бөлек этностар мен ұлттардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ынтымақта жұмыс жасауына тәнті болғанын жасырмады. Оның Қазақстан халықтары Ассамблеясының хатшылығымен кездесіп, Достық үйін өз көзімен көруіне де осы қызығушылығы себеп болыпты. "Қазақстан, шынында ғажап ел. Ол көптеген этностар мен ұлттарды бір мақсатқа жұмылдырып, ынтымақтастық пен татулықта өмір сүрудің үлгісін күллі елге көрсетті" деді Италия Республикасы Парламентінің депутаттар палатасының депутаты Эмануэла Россини.


Нұргүл Қалиева 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша  none;text-underline:none">ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Кейін қарай