Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Ақпан, 2023

204

Көңілді «МАСЛЕНИЦА»

2023 жылдың 24 ақпанында Тараз қаласында Шахристан мәдени-тарихи кешенінде «Көңілді «Масленица» атты дәстүрлі түрде халықтық мерекесі өтті.

Іс-шараны өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы, Жамбыл облыстық орыс драма театры және облыстық «Радонеж» Орыстар қауымдастығы ұйымдастырды.

Мерекенің көңілді өтуіне этномәдени бірлестіктердің өкілдері, драма театрының әртістері, мектеп оқушылары атсалысты. Тамашалауға келген жұртшылықтың барлығы қыстың аяқталуы жақындап қалғанына қуанып, түрлі жарыстарға – арқан тартуға, би билеуге, ән айтуға ықыласпен қатысты.

Осы мерекеге арналған шағын театрландырылған қойылым көпшіліктің көңілінен шықты.


Барлығы осы мерекеге арналған театр қойылымнан басталды. Қойылым этномәдени бірлестіктердің және №40, №41 гимназиялар мен №6, №13, №18 мектептердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен жалғасты. Оның ішінде, №13 орта мектептің «Веснушки» қасықшылар ансамблінің орындауындағы көңілді паппури, «Калинка» вокалды тобының («Радонеж» орыс қауымдастығы), «Маричка» халық ансамблінің («Днепро» Украиндық мәдени орталығы) және «Ляйсан тамчилары» ансамблінің («Айнуры» Татар-башқұрт мәдени орталығы), «Живет моя отрада» әнінің «Радонеж» орыс қауымдастығы Жастар қанатының, Абай атындағы Жамбыл педагогикалық колледжінің студенті Рустам Гапасовтың талантты орындалуы және тағы басқа әртістердің, ансамблдердің концерттік қойылымдары халыққа есте қаларлықтай ұнады.

Масленица мерекесінің ерекше тұсы - жәрмеңке! Мерекеге қатысушылар жәрмеңкедегі қолөнерінің шеберлерінің шығармашылықтарына қызығушылықпен қарап, өздеріне ұнаған халық өнерінің бұйымдарын сатып алды.


Кейін қарай