Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Мамыр, 2023

442

«КӨК ЧӨШҮР» МЕРЕКЕСІ – ЕЖЕЛГІ ДӘСТҮР

«Көк чөшүр» – ұйғырлардың ежелден келе жатқан дәстүрлі мейрамы, ол күні бүгінге дейін тойланады.

Бұл мереке - қыстан кейін жылы күнде кездесу. Ол 7 күн 7 жерде тойланады. Ұйғырлар «Көк чөшүр» мерекесіне орай, беде, қалақай, жалбыз, кинза, көк пияз, райхан секілді т.б көк шөптерді жұмыртқамен араластырып, тұшпара пісіреді. «Көк чөшүр» денсаулыққа да пайдалы саналады. Өйткені, қыста жұрт майлы тағамдарды көп пайдаланады, сондықтан, көктемде жер көгере бастағаннан, адамдар 7 күнбойы денесін тазартады.

Қазақстан халқы бірлігі күніне орай, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының Еңбекші қазақ ауданы бойынша филиалы Шелек ауылында«Көк чөшүр» мерекесін ұйымдастырды.


Бұл күні мерекеге Алматы, Жетісу облыстарынан, сондай-ақ Алматы қаласынан 200 астам адам жиналып, Қазақстанға деген сүйіспеншілік пен бір шаңырақ астындағы барша халықтың бірлігі туралы патриоттық әндер шырқалды, әзіл-оспақ, сахналық көріністер қойылып,шығармашылық ұжымдар мен суретшілердің қойылымдары, қолданбалы өнер, ұлттық киімдер ұйғыр тағамдарының көрмесі ұйымдастырылды, және, әрине, жиналған қауымға дәм тату үшін бедә чөшүр ұсынылды.

Шара барысында Еңбекші қазақ өңірінің белсенділері Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының қоғамдық «Сахавәт», «Көйүмчан», «Меһриван ана» медальдарымен марапатталды.

«Көк чөшүр» мейрамын өткізу кезегі арнайы достық табыстау рәсімімен Панфилов ауданына ұсынылды.


Кейін қарай