Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Ақпан, 2020

1327

Көкшетау: Облыс әкімі ҚХА мүшелерін марапаттады

Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай және Алғыс айту күніне арналған «Бір ел - бір тағдыр» атты облыстық форум өтті.

Облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Е. Маржықпаев өз сөзінде Ассамблеяны құрудың бастамасында тұрған және Қазақстанның бірлігі мен бейбітшілігін сақтауға үлес қосқан әрбір азаматты атап өтті.


Ақмола облыстық ассамблеясының қазіргі кезеңдегі қызметі туралы айта келе, облыс әкімі «бұл күнделікті қайтарымы бар, нәтижелі істерде құрылған жұмыс болуы тиіс екендігін атап өтті. Облыстық Ассамблея біздің азаматтарымыздың, бизнес өкілдерінің туған өлкені дамытуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, «Туған жер» жобаларын іске асыруға қатысуының лайықты мысалдарын көбейтіп таратуы керек».

Оның жастарды жұмысқа орналастыру, еріктілер қозғалысын дамыту, қайырымдылықты ілгерілету, жұмысшы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысына оң баға бере отырып, облыс әкімі іс-шараларды өткізу формалары, «әрқайсысы азаматтардың идеялық бірігуіне, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қызмет етуі тиіс» дегенге назар аударды.


Одан кейін облыстық Ассамблеяның белсенді мүшелері марапатталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Мейрамбек Қиықов Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды, ал облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Зереге Қиықоваға Ассамблеяның «Бірлік» алтын медалі табыс етілді. Тағы бір топ азамат облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.



Кейін қарай