Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Желтоқсан, 2020

365

Көкшетауда белсенділерге құрмет көрсетілді

Көкшетау қаласының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жиын өтті.

Ақмола облыстық Достық үйінің басшысы Е.Б. Нұғыманов шара қатысушыларын мерекемен құттықтап, мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелеріне, «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубы мен мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының өкілдеріне өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, мемлекеттік тілді дамытуға қосқан жеке үлестері үшін алғыс білдіріп, алғыс хаттар табыс етті.

Кейін қарай