Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қазан, 2021

258

Көкшетауда еңбек ардагерлерін құттықтады

Қарт адамдарды қолдау айы аясында «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» Ақмола филиалы еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды.


Бұл кездесуге жалпы жиырма бес адам қатысты. Қауымдастық атынан, зейнеткерлерді Наталья Васильевна Замолоцких құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір тілеп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Концерттік бағдарламаға ҚОСҚҰҚ, қоғамдық ұйымдарының көркем өнерпаздары қатысып, қазақ, орыс және казак әндері шырқалды. Кездесу жылы, достық атмосферада өтті.


Кейін қарай