Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Наурыз, 2022

274

Көкшетауда ЭМБ өкілдері Наурыз мерекесін тойлады

Наурыз мейрамы қарсаңында Көкшетау қаласында «Қоғамдық келісім» КММ аумағында «Ұлы дала мекенім» халықтық серуені өтті.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы халықтық қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшелері, матадан, бисерден, жібектен, ағаштан және т. б. түрлі бұйымдарды ұсына отырып, көрермендерді қарсы алған қалалық мәдениет бөлімінің әртістері, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары, қазақ, орыс, татар әндері, сондай-ақ ұлттық киіз үйлер мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Облыстық Достық үйінің қызметкерлері этномәдени бірлестіктерімен бірлесіп қайырымдылық акциясын өткізіп, қонақтарға бауырсақ, палау және ыстық шай берді.

Наурыз мерекесіне облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Е.Б. Маржықпаев қатысып, этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен әңгімелесіп, баршаны осы тамаша мерекемен құттықтады.

Кейін қарай