Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Ақпан, 2021

493

Көкшетауда этномәдени бірлестіктердің басшылары бас қосты

Көкшетау қаласының Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесу өтті.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Н.Әбдірахманов сөз алып, «Қоғамдық келісім» КММ және этномәдени бірлестіктер пандемия жағдайында өзара іс-қимылдың жаңа форматын игеріп, онлайн режимде қарым-қатынас жасауды, ZOOM алаңында кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізуді үйрену керектігін атап өтті.

Ал облыстық Достық үйінің басшысы Е.Б.Нұғыманов «Қоғамдық келісім» КММ жаңа жағдайдағы жұмысының тұжырымдамасы туралы айтты. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ төрағасы А.Қ. Қапышев «Жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру» және «Полиэтникалық Қазақстан: ұлттық бірліктің қалыптасуы жағдайындағы этномәдени генезис» жобаларын іске асыру туралы баяндама жасады.

«Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшылары өз сөздерінде жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыруға, қазақстандық этностардың алуан түрлілігін танымал етуге, этномәдени бірлестіктердің полиэтносты қоғамды топтастырудағы рөлін арттыруға, этносаралық ортадағы жанжал көріністерін жеңуде медиация институтын дамытуға бағытталған 4 базалық жоба туралы айтып берді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар түрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту, облыстық ассамблея қызметін ақпараттық сүйемелдеу, ЭМБ, ҚХАА қоғамдық құрылымдарының жұмысын әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мәселелерін талқылады.


Кейін қарай