Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Ақпан, 2022

403

Көкшетауда ҚХА мүшелері балаларға мереке аясында кітап сыйлады

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Ол әлемнің 40-тан астам елінде аталып өтіледі. Мұндай мереке 2012 жылдан бері тойланып келеді. Бұл күні адамдар бір-біріне кітап сыйлап, сол туралы әңгімелеп атап өтеді. Кітап дүкендері мен кітапханаларда да арнайы шаралар ұйымдастырылады.

Бұл мереке «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ үшін де дәстүрге айнлған. Бұл жолы олар Көкшетау қаласының Балалар көркемсурет мектебіне барды. Қоғамдық бірлестік төрағасы А.А. Артеменко және Көкшетау қалалық Аналар кеңесінің мүшесі Н.В. Замолоцких балаларға көркемсурет шеберлерінің репродукциялары мен әңгімелері бар кітаптар сыйлады. Өз кезегінде жас суретшілер орыс қауымдастығына әдемі сурет сыйға тартты.

Акция ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев жариялаған Қазақстандағы балалар жылы аясында өтті.

Кейін қарай