Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Ақпан, 2022

309

Көкшетауда Мәжіліс депутаты ЭМБ мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен кездесті

Көкшетау қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-де ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының, оның өңірлік құрылымдарының қызметін қайта форматтау туралы пікірлерін ортаға салды. Қаңтар айындағы оқиғалар туралы айта отырып, депутат жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселесіне тоқталды.


Өз кезегінде дөңгелек үстелге қатысушылар «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ төрағасы А.А.Артеменко, «Әзербайжандар қауымдастығы» облыстық филиалының төрағасы Н.О.Шихалиев, татарлар мен башқұрттар бірлестігінің төрағасы Р.С.Сулькарнаев жастарды жұмыспен қамту проблемаларын көтеріп, осы бағытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Кездесу барысында ҚХАА активі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттарының атына өз мәселелері мен тілектерін жолдады. Кездесуден кейін Н.Г. Дементьева «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» ҚБ ұйымдастырған көрмеге барды.

Кейін қарай