Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қыркүйек, 2021

319

Көкшетауда орыс қауымдастығы Тілдер онкүндігі аясында кеш өткізді

Қазақстанда өтіп жатқан Тілдер онкүндігі аясында «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі «Қоғамдық келісім» КММ-де интеркультурализм-өзара кірігу, түрлі этностар мәдениеттерінің іс-қимылы тұжырымдамасына сәйкес, іс-шара өткізді.


Қоғамдық ұйым басшысы А.Артеменко жиналғандарға құттықтау сөзімен жүгінді. Содан кейін Ш.Уәлиханов атындағы университеттің филология факультетінің студенттері сахнаға шығып, қазақ дәстүрлері туралы театрландырылған қойылым көрсетті. Сондай-ақ, балалар белгілі қазақ ақындарының тіл, Отан туралы өлеңдерін оқыды.

Бұл кеште Зоя Авилованың жетекшілігімен «Орыс әні» халықтық ансамблі «Шолпан» қазақ халық әнін орындады. Кеш соңында өнер көрсеткенге сыйлықтар табысталды.


Кейін қарай