Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қараша, 2021

233

Көкшетауда поляк жазушысын С.Лемнің мерейтойына орай көрме ашылды

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» КММ-де белгілі поляк жазушысы Станислав Лемнің 100 жылдығына арналған «Лем Бестиары Мруздың көзімен» атты көрменің тұсаукесері өтті. Іс-шараға Польша Республикасының Қазақстандағы елшісінің орынбасары Томаш Коллат және елшілік қызметкері Фарангиз Коллат қатысты.

Поляк тілі мұғалімі пани Юстыне ұлы фантаст-жазушының шығармашылығымен таныстырып, жазушының шығармалары бойынша сауалнама жүргізді. Поляк тілі курсының тыңдаушылары Лем шығармаларынан үзінділер оқыды.


Поляк диаспорасымен кездесу барысында Елшілік өкілдері поляк жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын таныстырды, поляк картасы, Польша Республикасының азаматтығын алуға мүмкіндік беретін арнайы құжаттар туралы айтып, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Кейін қарай