Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Маусым, 2021

309

Көкшетауда студенттер Достық үйіне экскурсия жасады

Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесіне Ақан сері атындағы колледж студенттері экскурсия жасады.


Экскурсия барысында тыңдаушылар этномәдени бірлестіктер үшін ресурстық, мәдени және әдістемелік орталық болып табылатын, этностардың бірлігі, этносаралық келісім, жалпыазаматтық бірегейлік идеяларын қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттаумен, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізумен айналысатын облыстық Достық үйінің қызметімен танысты.

Студенттер этномәдени бірлестіктердің кабинетіне кіріп Ақмола облысы этностарының мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы мәлімет алды. ҚХАА мүшелерінің, ЭМБ көркемдік ұжымдарының қатысуымен дайындық шаралары, дөңгелек үстелдер, конференциялар, концерттер өтетін хореография, көрермендер және конференц-залдарында болды.

«Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар бірлестігі» ҚБ кабинетінің жетекшісі Р.С. Сулькарнаев этномәдени бірлестіктің құрылу тарихы, оның қызметі, қоғамдық бірлестік жанындағы көркем өнер және жастар ұжымдарының жұмысы туралы айтып берді. Қоғамдық бірлестік жанындағы «Ғалиябану» ансамблі қонақтар үшін татар тілінде халық әнін орындады.


Кейін қарай