Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Мамыр, 2021

293

Көкшетауда өткен конференцияда елімізге келген түрлі халықтың тағдыры туралы айтылды

Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясында Ақмола облыстық «Қоғамдық келісім» КММ саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған ғылыми конференция өткізді.

Конференция жұмысына ғалымдар, ЖОО оқытушылары, мемлекеттік қызметкерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың ұрпақтары қатысты.

Тарихшы-ғалымдар Е. Т. Елжанова мен М. З. Өтегенов баяндама жасап, саяси қуғын-сүргін құрбандары болған «Алаш» қозғалысының қоғамдық-саяси қызметі, оның мүшелерінің қайғылы тағдырлары, түрлі халықтардың Қазақстанға депортациялануларының себеп-салдары туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, конференцияда Облыстың мемлекеттік мұрағаты дайындаған Ақмола облысындағы 1919-1954 жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы мұрағат құжаттарының жинағы таныстырылды.

Кейін қарай