Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Ақпан, 2022

357

Көкшетауда қыздар клубтары қызметін қайта жаңғырту мәселесі талқыланды

Көкшетау қалалық Аналар кеңесінің кезекті отырысында қаланың оқу орындарындағы қыздар клубтары қызметін қайта жаңғырту туралы мәселе талқыланды.

Аталмыш клубтардың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды жаңғырту, болашақ аналарды үй шаруасына жақсы, қамқор жұбай болуға, балаларды дұрыс тәрбиелеуге үйрету.

Қазіргі уақытта Көкшетау қаласының мектептері мен ЖОО-да 9 клуб жұмыс істейді, бірақ кеңес мүшелері олардың санын арттырғысы келеді.

Отырыста қалалық № 17 мектеп қабырғасындағы «Мәншүк» қыздар клубының жетекшісі, қазақ тілі пәнінің мұғалімі, үш баланың анасы А.С. Жазиева өз тәжірибесімен бөлісті. Оның клубында жоғары сыныпта оқитын қырық қыз бар, Айнагүл Сабырбекқызы оларды отбасылық өмірге, ана болуға даярлау ісімен айналысып, аспаздық және қолөнер бойынша арнайы шеберлік сабақтарын өткізеді.

Кеңесте қыздар клубын ұйымдастыру және қызмет ету тұжырымдамасын әзірлеп, қаланың барлық оқу орындарына жеткізу туралы шешім қабылдады.

Кейін қарай