14 Мамыр, 2021
356
Көкшетауда журналистер клубының кезекті отырысы болды
Көкшетау қаласында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының кезекті отырысы өтті, оның барысында клуб мүшелері БАҚ-та, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде этносаралық саланы ақпараттық жариялау және мониторингілеу жөніндегі облыстық медиа-жоспардың орындалуын талқылады.
Клуб хатшысы С.Сәдуақасовтың баяндамасында облыстық «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінің, қалалық «Степной Маяк» және аудандық «Зерен» газеттерінің өкілдері болып саналатын клуб мүшелерінің аталған жоспарды дәйекті және кеңінен жариялап жатқаны ерекше атап өтілді.
Жыл басынан бері этносаралық қатынастар саласын жарықтандыру мәселелері бойынша «Акмолинская правда» газеттерінде 25, «Арқа ажарында» – 20, «Степной маякта» - 9, «Зерен» газетінде - 25 материал жарияланған.
Клуб төрайымы Ким Светлана ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығында әріптестерін Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, оның қоғамдық құрылымдарының қызметін жариялау бойынша клуб жұмысын жандандыруға, оны әр түрлі жанрларды пайдалана отырып, ҚХАА мүшелерін, этномәдени бірлестіктердің басшыларын спикер ретінде тартып, жүйелі түрде жүргізуге шақырды. Күн тәртібін талқылау барысында клуб мүшелері «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінің этносаясат мәселелерін қамтыған журналистермен өзара іс-қимылын күшейтуді, ақпараттық жұмысқа блогерлерді, ақпараттық агенттіктердің, сайттардың, электрондық БАҚ журналистерін белсенді тартуды ұсынды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды