Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қыркүйек, 2022

509

«Көркем ой. Көркем сөз. Көркем тіл»

2022-жылғы 7-қыркүйекте Алматы облысының Қонаев қаласында Қазақстан халқы тілдері күні аясында мемлекеттік тілді жетік меңгерен этнос жастары арасында «Көркем ой. Көркем сөз. Көркем тіл» атты байқау өтті.

Байқау Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдағы этносаралық келісімді нығайту, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін, сондай-ақ жастарды патриоттылыққа тәрбиелеу мақсатында өтті.

Байқауға 16-29 жас аралығындағы Алматы облысынан 25 этнос жастары қатысты, іріктеу кезеңіне 10 үміткер өтті.


Финалдық кезең 3 номинация бойынша өтті. «Көркем тіл» номинациясында қатысушылар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік Рәміздер – елімнің мақтанышы» тақырыбында эссе жазды. «Көркем сөз» номинациясында қатысушылар қазақ ағартушысы, қоғам қайраткері, әдебиетші, ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармасын жатқа айтты. Соңғы номинация «Көркем ой» - билеттік жүйе бойынша берілген сұрақтарға өз ойын көркемдеп, сауатты жеткізу.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Іле ауданынан Якупова Сатирям иеленді, екінші орынды Қарасай ауданынан Хожимуратова Мадина және Конаев қаласынан Забродина Валентина бөлісті, үшінші орынды Талғар ауданынан Меналова Шахсанам және Қарасай ауданынан Колигова Камила иеленді.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды, ал белсенді қатысушыларға дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.


Кейін қарай