Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қараша, 2021

369

Кәсіпкерлердің форумы өтті

«Қоғамдық келісім» КММ-де «гибридтік форматта» (офлайн және онлайн) Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлерінің форумы өтті.


«Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚХА-ның қолдауымен, этномәдени бірлестіктердің бизнес құрылымдары және «Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры» ҚҚ ҚХА-ның XVII сессиясында берілген ҚР Президентінің тапсырмаларын орындауда инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға қатысу үшін құрылды. Алматы облысында белсенді азаматтарды, кәсіпкерлер мен бизнесмендерді біріктіретін 68 этномәдени орталық бар.

Аталмыш форум этномәдени бірлестіктер (ЭМБ) өкілдерінің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, әріптестік байланыстарды жолға қою, жастарды қолдау, оларды кәсіпкерлік қызметке тарту, ЭМБ қатысуымен ЭТНО-туризм нысандарын танымал ету мақсатында өтті. Іс-шараны «Қоғамдық Келісім» КММ «Қазақстанның Орыс, славян және казак» ұйымдарының қауымдастығы Алматы облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырды.

Сонымен қатар, Форум аясында ZOOM платформасы арқылы дөңгелек үстел өтті, сондай-ақ, әлеуметтік желілерде тауарды алып/сату бойынша және әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша тренинг өтті. Іс-шара барысында облыс меценаттары алғыс хаттармен марапатталды.

Кейін қарай