Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Сәуір, 2020

1053

Карантин: Аймақтарда ҚХА мүшелері маскалар тігіп, еріктілер мұқтаж жандарға көмектесуде

Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері #Biz_Birgemiz ұранымен елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты 200-ден астам медициналық маска тікті.


Этнос өкілдерінің айтуынша, бірнеше реттік пайдалануға жарайтын арнайы маскаларды олар шаһардағы аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, зейнет жасындағы қариялар мен көмекке мұқтаж жандарға арнайы әлеуметтік пакеттермен бірге үлестіруде. Сонымен қатар қаладағы медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында олар мұндай бетперде түрлерін емханаларға да апарып таратпақ ниетте.


Сондай-ақ, ҚХА мүшелерінің айтуынша, жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды. Жақын арада олар медициналық маскалардың 1000-нан астам данасын тігіп, халыққа таратуды жоспарлап отыр.

Ал Аналар Кеңесінің төрағасы Жұмабике Қалиева, «Ақтөбе шебер қыздар» тобының жетекшісі Айнагүл Бекешова мен ұстаз-блогер Жайнагүл Қайралапованың бастамасымен қайырымдылық акциясын өткізді.


Мемлекет басшысының «Біз біргеміз» акциясын бірауыздан қолдаған олар, Ақтөбеде тұратын аз қамтылған Армангүл Калменованың отбасына әлеуметтік пакет апарып, көмек көрсетті. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар жанұядағы кішкентай балаларға дәл қазіргі уақытта далаға шықпау қажеттілігі мен қолды жиі жуу керектігіне тоқталып, кішігірім ақпарат беріп өтті.

Ал Көкшетауда республикалық «Біз біргеміз!» акциясы аясында Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілері мен кәсіпкерлер қауымдастығы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша қайырымдылық акциясын өткізді. Олар - көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі тқрғындар, жалғыз басты қарт адамдар.


Бес күн ішінде еріктілер 49 отбасына барып шықты, оның ішінде 5 -Біржан сал ауданында, 6 - Бурабай ауданында және 38 отбасы Көкшетау қаласында.

Тізімге бірінші кезекте қажетті тауарлар енді – ұн, жарма, қант, май, жеміс-жидектер, сондай-ақ дәрі-дәрмектер, антисептикалық заттар.

Өз кезегінде Семейдегі жексенбілік мектеп пен «Wunderkind» қосымша мектепке дейінгі білім беру орталығының кішкентай тәрбиеленушілері үшін оқытушылар онлайн режимінде сабақ өткізуде. Бейнематериалдарды жазып, ата-анасымен чаттарға жібереді, неміс тілі бойынша жаттығуларды орындауға және аппликациялар мен ұсақ-түйектер жасау кезінде консультациялық көмек көрсетеді.


Балалар мен жастар түрлі тақырыптарда бейнероликтерді түсіруге қатысады: барлық адамдарды үйде қалуға және өз денсаулығын сақтауға шақырады және медицина қызметкерлеріне алғыс білдіреді. Ostern-Пасха мерекесіне құттықтау бейнеролик дайындалды, онда неміс тілінде өлеңдер оқылды. «Сеньорлар» клубының қатысушылары бейне форматтағы дәстүрлі немістің аспаздық рецепттерімен бөліседі.

Мысалы, Елена Колтунова отбасында әжесінен сақталған «Rivelkuchen» пирогының рецептімен бөлісті. Ирина Шушпанова немерелерімен бірге Ostern мерекесіне дайындық туралы бейне түсірілді. Онда балалар әжесімен бірге қамыр дайындап, жұмыртқаны бояды және тоқаш пісірді. Пасха қарсаңында мерекелік дәстүрлер туралы материалдар жарияланды.

Сондай-ақ «Возрождение» төрайымы Лилия Гончарук бейнероликтерді түсіруге қатысып, адамдарды карантин ережелерін сақтауға және гигиена дағдыларын ұмытпауға шақырады.


Бейне түсіріп, әр түрлі тапсырмаларды орындап, мерекеге дайындала отырып ата-аналар мен балалар уақытты бірге өткізеді және неміс этносының салт-дәстүрлерін насихаттайд. Бұл балалардың отбасылық дәстүрлерге деген қызығушылығын арттырады.

«Однокласники» әлеуметтік желілер бетінде «Қазақстанның ең танымал немістері» атты викторина өтеді. Әлеуметтік желіге арналған жарияланымдарды методист, қоғамның тілдік жобаларының жетекшісі Ольга Бедер дайындаған презентациялар бойынша және «Возрождение жобасындағы тарих пәнінің мұғалімі Алексей Радионовпен құрастырады.

Кейін қарай