Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Сәуір, 2020

748

ҚХА Алматыда салынған жаңа модульдік госпитальге көмек көрсетті

Қазақстан халқы Ассамблеясы #BIZBIRGEMIZ акциясы аясында коронавируспен күресіп жатқан ақ халатты абзал жандарға қолдау көрсетті.

Алматыда қысқа мерзім ішінде салынған жаңа модульдік госпитальге көмек ретінде ҚХА 350 электрондық термометрді сыйға тартты.

Медициналық бұйымдарды сатып алуға «Ильдаш» татар орталығының төрайымы Нұрия Ниязова, өзбек ұлттық этно-мәдени орталығының төрағасы Абдулла Исматуллаев, Алматы қаласы республикалық Қазақстан ұйғырларының этномәдени орталығы филиалы төрағасының орынбасары Долкунтай Абдулхалил қол ұшын созып, қаржылай көмек берді.

Аталмыш электрондық құрылғыларды емдеу мекемесіне Н. Ниязова, «Өзбек мәдени орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Халил Оралбаев, Қазақстан Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызметкері Қуат Хамзин, «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» АҚБ төрағасы Рустам Кайрыев арнайы тапсырды.

Олар өз өмірлерін қауіпке тігіп, алдыңғы шепте жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, Қазақстан халқы Ассамблеясы әрдайым халықпен бірге екенін жеткізді.

Кейін қарай