Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Маусым, 2019

1894

ҚХА екі күннің ішінде Түркістан облысының Арыс қаласында зардап шеккендерге 51 млн теңгенің көмегін көрсетті

Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысының Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырды.

Барлық аймақтардағы Қазақстан халқы Ассамблеясы зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша штабтар құрды, барлық Достық үйінің базасында гуманитарлық көмек жинау пункттерін іске қосты, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері осы бағытта белсенді түрде жұмыс жасауда. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері көрсеткен көмектің жалпы сомасы 51 331 332 теңгеден асады. 

Түркістан және Шымкент қалаларында Ассамблея штабтары ауқымды жұмыстар атқаруда. Көмек акциясына барлық этномәдени бірлестік қатысып жатыр, олар ақша бөлуде, эвакуацияланғандар тұрып жатқан мектептер мен штабқа нан өнімдерін, азық-түлік, су, шырындар жеткізуде, түскі ас пен кешкі ас беруде, киім-кешек, аяқ киім, памперс, гигиена құралдарын таратуда, өз үйлеріне бүтіндей отбасыларды жайғастыруда, бір жерден екінші жерге тасу және т. б. бойынша көмек көрсетуде. 

Сонымен қатар ҚХА құрылымдары Аналар кеңесі, жастар қанаттары, медиация кабинеттері белсенді көмек көрсету үстінде: қаражат жиналып, балаларға ойыншықтар, шырындар, киімдер, дәрі-дәрмектер апаруда. Кәсіпкерлер көлікпен қамтамасыз ету (Ауғанстан ардагерлері), «Ева» дәріханасы (Ирина Бродская) 140 000 теңгеге дәрі-дәрмек жеткізу арқылы көмегін тигізді. 

Этномәдени бірлестіктер жан-жақты көмек көрсетіп жатыр: облыстық қырғыз этномәдени бірлестігі №87 мектепте орналасқандарға 1 200 000 теңге сомасына көмек (азық-түлік, ересектер мен балаларға киім және аяқ киім, дәрі-дәрмек) көрсетті; Шымкент қаласы Мартөбе ауылындағы түрік этносының өкілдері мен төрағасы Мұрат Гелашвили зардап шеккендерге азық-түлікпен көмек көрсетіп, Шымкент қаласының орталық мешітінің есебіне 118 000 теңге аударды. Түркістан облысының және Шымкент қаласының біріккен ҚХА штабына түскен көмектің жалпы сомасы 25 193 800 теңге болды. 

Нұр-Сұлтан қалалық ҚХА мүшелері жалпы құны 3 000 000 теңгеден асатын қажетті азық-түліктер мен заттарды жинады, оның ішінде өзбек мәдени орталығы төрағасының орынбасары Хасан Шәріпов 24 маусым күні Арыс қаласына 22 тонна ұн жіберді. Жастар қанатының өкілдері қан тапсырды. 

Алматы қаласының этномәдени бірлестіктері 960 000 теңге аударды, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті болатын заттар, азық-түлік, киім-кешек жинады. Ақмола облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы 2 млн. 685 мың теңгеге көмек көрсетті. 

Көкшетау қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-де орналасқан бірінші қажеттіліктегі тауарларды қабылдау пунктінде қала тұрғындары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Аналар кеңесінің мүшелері киім-кешек, аяқ киім, азық-түлік жиналды. 

Ақтөбе облыстық ҚХА 3 042 554 теңгеге көмек көрсетті, соның ішінде «Урарту» армян этномәдени бірлестігі 2,0 млн. теңгеге көмек көрсетті. «Динар-Электромаш» ЖШС кәсіпорны 550,0 мың теңгеге көмек көрсетті. Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Вишняк Сергей Викторович 200,0 мың теңге аударды. 

Алматы облысында жалпы сомасы 1 020 000 теңге қайырымдылық көмек жиналды, оның ішінде ҚХА мүшесі З.П. Кузиев – 700 000 теңге аударды. 

Атырау облысында ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері қайырымдылық үлгісін көрсетіп, ірі ақша сомаларын жіберуде, мысалы: «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына В.Ф. Розметов - Атырау облысының ҚХА мүшесі, облыстық ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы 200 000 теңге; А.А. Колузанов - облыстық ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі - 150 000 теңге; Т.В. Розметова – «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының көшбасшысы - 150 000 теңге; З.Г. Бобохидзе – «Иверия» грузин ЭМБ төрағасы - 100 000 теңге; «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы А.А. Короблев 150 000 теңге аударды. 

Жалпы алғанда, «Арыс. Біз біргеміз!» - «Арыс. Мы вместе!» жалпыреспубликалық акциясын қолдау үшін Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы 2 688 927 теңге жинады. Соның ішінде «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшелері «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына 1 773 927 теңге аударды. Қаражат жинау жалғасуда. 

Шығыс Қазақстан облысында Достық үйлері, этномәдени бірлестіктер, ҚХА мүшелері 804 мың теңге жинады. 

Жамбыл облысында жиналған қаражат пен бірінші кезекте қажет болатын заттардың жалпы сомасы 3 259 551 теңгені құрады. 

Батыс Қазақстан облысында үш гуманитарлық көмек жинау пункті ашылып, Арысқа 30 тонна азық-түлік жөнелтілді. 

Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорының шотына 1 871 100 теңге сомасына ақшалай қаражат аударды, 20 тонна көкөніс пен жеміс, 500 кг күріш жөнелтілді. Қарағанды облысының армян этносының өкілдері «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына 1 180 000 теңге аударды. 

Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы 4 613 200 теңге аударды және 5 тонна ұн жөнелтті. 

Қызылорда облысының этномәдени бірлестіктері 536 200 теңге жинады. 

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жинаған қаражаттың жалпы сомасы 507 000 теңгені құрады. 

Павлодар облысында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бір күндік жалақыларын Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде аударды. Облыстың этномәдени бірлестіктері 300 000 теңге ақша аударды. Азық-түлік, заттар, бірінші кезекте қажетті тауарлар, жеке гигиена құралдары жиналуда. 

Солтүстік Қазақстан облысының ассамблеясы 500 кг жарма, 200 жұп аяқ киім, 300 кг ұн, сондай-ақ бірінші кезекте қажет болатын заттар жіберді. 

Қазақстанның барлық облыстарында ҚХА хатшылықтары мен «Қоғамдық келісім» қызметкерлері ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың бір күндік жалақыны техногендік апатта зардап шеккендерге көмек көрсету есебіне аудару жөніндегі бастамасын қолдады.        

IMG_20190627_151707_425.jpg

Кейін қарай