Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Желтоқсан, 2020

428

ҚХА еріктісі «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов волонтер жылының жабылуына арналған салтанатты іс-шарада Маңғыстау облысының волонтерлерін, волонтерлік және қайырымдылық топтарының мүшелерін ерекше атап өтіп, олардың атқарған игі жұмыстарына алғыс білдірді.

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жануарларды қорғау, экология, төтенше жағдай, құқық қорғау саласындағы волонтерлікті дамытуға үлес қосқан өңір волонтерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Аталған медальмен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Маңғыстау облысы ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ қызметкері, ақпараттық - ресурстар бөлімінің басшысы, ҚХА волонтері, "Клуб добряков Актау" еріктілер қозғалысының жетекшісі Сабина Бейсембаева марапатталды.

Өңір басшысы еріктілерге алғысын білдіріп, волонтерлік жобалар мен волонтерлерді қолдау жалғасатынын атап өтті.

Кейін қарай