Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Маусым, 2019

1352

ҚХА КӨКШЕТАУДЫҢ 195-ЖЫЛДЫҒЫНА ҚҰРАҚ КӨРПЕДЕН ЖАСАЛҒАН 27 МЕТРЛІК ӨНЕР ТУЫНДЫСЫН ӘЗІРЛЕУДЕ

Көкшетаудың 195-жылдығына Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы тосыннан сыйлық жасамақ ниетпен бірегей сыйлық әзірлеу үстінде. Аналар кеңесінің ісмерлері осы күні ұлттық ою-өрнегі мен «Көкшетау-195» жазуы бар он екі жеке құрақ көрпеден тұратын 27 метрді құрайтын үлкен мата түріндегі өнер туындысы жасалуды. 

IMG_2178.JPG

Ең жарқын орталық композицияны ежелгі Қазақстан тарихының сәндік маталарын жасаушы аса шебер және тәжірибелі Үкіжан Ементаева әзірлеуде. Бұл сұмдық әдемі көрініс болмақ. Бұған осы демалыста Қоғамдық келісім сарайы жанында ҚХАА Шеберлер одағының барлық мүшесінің өнерін кең көрсеткен сәндік қолданба өнерінің фестивалінде көз жеткіздік. 

IMG_2146.JPG

«Осы фестивальмен Келісім сарайы жанында жазғы алаңдарды ашудамыз, - дейді ҚХАА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Марзият Тохаева. Демалыста көкшетаулықтар мен қала қонақтары жанға жайлылық тауып, Қазақстан жерінде тұрып жатқан этностардың көп қырлы талантымен танысқанын қалаймыз. Бұл дегеніміз – ән, билер, сәндік қолданба өнері, аспаздық көрмелер, ұлттық қолөнерді және жергілікті суретшілердің картиналарын көрсету. Өзіміздің демалыс және мәдени сұхбат орны – көкшетаулық «Достық Арбаты» болатынын армандаймыз. Баршаны белсене қатысуға шақырамыз! 

IMG_2223.JPG

Қараңызшы, бүгін бізге қанша адам келіп жатыр. Осындай рухани, эстетикалық ләззат алуды әрқашан Көкшетау жерінің даңқы шыққан біздің шығармашылық адамдары бұрыннан армандаған. Бұған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен оның бастауларды жаңғыртуға шақыруы, сондай-ақ бәрін Қоғамдық келісім сарайына бір шаңырақ астына жинап, этномәдени бірлестіктерді жақсы жағынан көрсету ниеті тірек болды». Фестивальді ҚХАА Жастар орталығы жарқын өнерімен ашты. Ән мен билер, жарқылдаған жүргізушінің тілдесуі жазғы жылы кештің ауасын ұмытпастай етті. 

IMG_2280.JPG

«Сиқырлы орам» фестивалі қатысушыларының жұмыстары және олардың авторлық таныстырылымдарымен танысу жүріп жатқанда, Сарайдың баспалдағында көрермендердің шапалақтауымен кішкентай сән көрсетушілердің көңілді дефилесі басталды. Этномәдени бірлестіктер мен «Арман» трикотаж бірлестігінің шеберлері ұсынған киімдерді киген оларға ешкім тең келмеді. Беделді қазылар мүшесі фестивальге қатысушылар қатарын өтіп, аталымдар жеңімпаздарын жариялауда. Олар көп, әрқайсысының жұмысы ғажайып көрінеді. 

IMG_2198.JPG

Көрме аймағын үздік безендіргені үшін Елена Бутенко, үздік бұйым дизайны үшін Гульнара Орынбаева сыйлық алды. «Креативті шешім» аталымында өз заттарының дефилесі үшін армандықтар жеңіске жетті. Бірде-бір шебер назардан тыс қалған жоқ. Бәрі де күн кейіпкері атанды. Үздік шеберлік сыныбын ұйымдастырғаны үшін поляк білім беру орталығының жетекшісі Людмила Суховецкая атап өтілді. Оның тәрбиеленушілері үздік жылдам тоқудан бірінші болып, қыз мен ұл балалар сахнаға бірінен соң бірі көтеріліп жатты. 

IMG_2392.JPG

Людмила былай дейді: «Егер қаласаң қашан да үйренуге болады. Біздің «Поляне» ансамблі билеп қана қоймай, барлық іс-шараға белсене қатысады. Осылайша біз жастарға рухани құндылықтар береміз. Барлық бұйым қайырымдылыққа жұмсалады. Қазір де түрлі-түсті шаршыны байланыстырып, аурушаң балаға көрпеше тігіп береміз. Оған өзімізден көп жылу сыйлаймыз... Бұрын әженің осындай құрақ көрпесі әрбір балада бар еді. Онда да болсын!». 

IMG_2149.JPG

Халықаралық көпшілік алдында тоқу күні жақсы дәстүрге қосыламын деушілер көп болды. Осы игі іске облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова Марзият Тохаевамен бірге қатысып, сәбиге деп өздерінің өрнегін ынтамен тоқып шығарды. Жалпы назарды келесі көрініс аударды. Шебер Виктория Полищук қызы Валериямен бірге әдемі орыс сарафанын көрсетіп жатты. Бұл жанұяда әжесі, қызы, немересі – бәрі де тоқиды. Көркемдік қосылған ежелгі өрнектердің ұқыпты сақталғанын байқалады. Елена Бутенко – мойынға тағатын әдемі майда моншақ авторы. Оның ежелгі славян атауы – монисто, жауынгерді немесе қызды қорғайды деп есептелген. Дәстүрлер жаңғырып жатқаны жақсы екен. Галина Белова – бейнелеу өнері мұғалімі, түрлі тәсілді меңгере отырып, қолөнермен шұғылданады, тебіске және майда моншақпен жұмыс істейді. Өзі айтқандай, «көңіл қошы болса, шабыт та келеді». Фестивальде ұсынылған көптеген әшекей ұлттық дәстүрде орындалған. Ескі мәнерде орындалған киімдер сәнді болса, енді бірі ұлттық киімді оған әшекей қосып жаңғыртқысы келеді. Гимназия оқытушысы Нонна Зиборова өзінің матада ерекше әдемі қолы бар тана моншақ, сырға, батик сияқты жарқырауық сүйікті ісімен сиқырлы ертегіні еске түсірді. Қолданба өнерінің шебері Альбина Байковская жұқа тоқу тәсілімен тәнті етті. Оның орындауындағы брюссель шілтерісі кез келген халықаралық көрмені безендіре алар еді. Ал оқытушылық дарыны жас кестешілермен шеберлік сыныптары үшін қажет болады. Олар аз уақыт ішінде ілгекпен алғашқы бұйымдарын тоқып, сол үшін фестиваль сыйлықтары берілді! 

IMG_2216.JPG

Лидия Власенконың қуыршақтары айналасына кішкентай көрермендерді жинады. Әр қуыршақ сүйікті кітап беттерінен шыққандай. Гүлбара Нұрқанованың туындысы балаға арналған көрпесіне ешкім тең келмейді. Шебердің айтуынша, бала кезімнен тоқимын, әжем үйретті, ал енді қызым да әрдайым жанымда, жақсы тоқиды, майда моншақ өреді. «Халықтық қолданба өнері бәріміз үшін пайдалы да, әдемі де. Осындай іс-шаралар үшін алғыс айтамыз, шеберлер бір көтеріліп қалады!», - дейді ол. Осы әдемі фестивальдің ұйымдастырушыларына көбісі алғыс айтып, осындай мерекелерді дәстүрлі етуді тіледі. Келушінің бірі былай деп айтты: «Жанға сұлулық қажет!». Ол салтанат құрып, бәрімізді біріктіріп, өмірімізді рухани бай етсін дейміз! 


Әсем Жұмабекова 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Кейін қарай