Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Қазан, 2022

464

ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы кеңесінің отырысы

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Әзілхановтың төрағалығымен ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде қауымдастықтың ағымдағы қызметі және филиалдардың директорларын тағайындау мәселелері қаралды.

Отырысты аша отырып, ҚХА Кәсіпкерлер Қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай қауымдастық қызметінің негізгі мақсаттары, міндеттері мен бағыттарын атап өтті. Ол қауымдастық жұмысының басым бағыттары кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және олардың қызметіне жағдай жасау, қолданыстағы құқықтық базаны талдау және кәсіпкерлердің мүдделерін ілгерілету, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту болып табылатынын атап өтті. Отырыс барысында ұсынылған кандидатураларды өңірлердегі филиалдардың басшылары бірауыздан сайлады.


Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов өңірлік филиалдардың директорлары лауазымына үміткерлердің негізгі бөлігін креативті және бастамашыл жастар құрайтынын атап өтті.

Ол ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы мүшелерінің қоғамдық келісімді одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етудегі жұмысын жоғары бағалады және ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Кейін қарай