Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қараша, 2020

587

ҚХА кафедралары қауымдастығының кеңейтілген отырысы өтті

Талдықорғанда онлайн форматта ZOOM платформасында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл: ғылыми-білім беру, қоғамдық-маңызды және әлеуметтік миссияны дамытудағы ҚХА кафедралары» тақырыбында ҚХА кафедралары қауымдастығының кеңейтілген отырысы өтті.


Бұл кездесуге Президент Әкімшілігі жанындағы ҚХА хатшылығы, ҚР Парламенті Мәжілісінің ҚХА депутаттық топ өкілдері, ҚР БҒМ АКДМ өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ басшылығы, ҚХА университеттерінің кафедра меңгерушілері, колледждер мен мектептердің бейбітшілік және келісім орталықтарының басшылары қатысты.

Кездесудің модераторы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Наталья Калашникова болды.

Жиынның барысында ҚХА кафедралары қауымдастығының есептік кезеңдегі қызметі және білім беру саласындағы даму бағыттары, ҚХА кафедралары қауымдастығының ғылыми әлеуеті және қолданбалы жобаларды іске асыру мәселесі, ҚХА кафедрасының этномәдени бірлестіктермен өзара әрекеттестігі, ҚХА кафедрасының жастарды топтастырудағы рөлі қаралды.


Кейін қарай