Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Шілде, 2018

1055

ҚХА КЕҢЕСІ ДЕНИС ТЕННІҢ ҚАЙҒЫЛЫ ҚАЗАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТАДЫ

Қазақстан халқы Ассамблея Кеңесі атақты мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегері Тен Денис Юрьевичтің оқыстан болған қазасын қайғыра қабыл алды.

Денис Тен біздің еліміздің мәнерлеп сырғанау спортының дамуына үлкен үлес қосқан. Оның спорттағы жетістіктері біз үшін шын мәнінде серпінді еді. Ол өзінің әлемдік мұз айдынындағы жарқын жеңістерін әрқашан Қазақстанға арнайтын. Бұл жетістіктер оның тума талантының, қажырлылығының және еңбексүйгіштігінің арқасында келді.     

Оның өмірі патриотизмнің, спорттық және азаматтық белсенділіктің, адамдарға, өз халқына, әлемге қызмет етудің жарқын үлгісі болды.

Қайғылы хабар миллиондаған қазақстандықтардың жүрегіне ауыр батты. Күтпеген жерде мәңгілік мекеніне кете барды. Сондықтанда жаны жайсаң және ұяң адамнан айырылып қалу азабы оны білетін, қастерлеп, құрметтеген және жақсы көрген жандардың қабырғасын қайыстырды.    

Қазақстан халқы Ассамблеясы Денис Теннің туған-туыстары және жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Жас таланттың, біртуар спортшының және ерекше жұмсақ жүректі жанның естелігі оны білетін барша адамның жүрегінде мәңгіге қалады.  

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі

Дата события ассамблеи: 20.07.2018

Кейін қарай