Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қыркүйек, 2021

263

ҚХА мүшелері Бұқпа шоқысында шара өткізді

«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» РҚБ Ақмола филиалының мүшелері Бұқпа шоқысында таза ауада іс-шара өткізді.

Ашық алаңда қоғамдық ұйым мүшелері Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. ОСКҰ төрағасы Г.В. Осиненко алғы сөз сөйлеп, Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіріп өтті.

Ұйымның мүшелері Жолдаудың мемлекеттік тілді дамыту, Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық келісімді нығайтудағы рөлі, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге қатысты жекелеген тармақтарын іске асыру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Іс-шара ОСКҰ-ның шығармашылық ұжымдарының концертімен аяқталды.

Кейін қарай