Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Сәуір, 2020

994

ҚХА мүшелері студент жастарды еліміздің саяси өміріне белсенді ат салысуға шақырады

Алматы технологиялық университетінде ZOOM платформасында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Қоғамдық келісім: карантин кезеңіндегі ақпараттық жұмыс» атты онлайн-дәріс өтті.


«Жастар - біздің болашағымыз, осындай әңгімелесулер өткізу, тәжірибе бөлісу және бүгінгі таңда бар түрлі мәселелерді талқылау өте маңызды», - деді ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Республикалық Достық үйінің медиация кабинетінің меңгерушісі Нұрсәуле Әбдіқадырқызы Әлтекова лекцияның аша отыра.

Карантин кезеңіндегі келісім мәселесінің тақырыбы – өзекті. Мұны әлеуметтік желілер арқылы көруге болады: бастапқыда дәріс тақырыбы үлкен қызығушылық тудырды, екі күн ішінде жүз адам алдағы іс-шараға қатысуға қызығушылық танытты.

Алматы технологиялық университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі З. Кодар өз дәрісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының маңыздылығына тоқталып, даму тарихы туралы айтты. Студенттердің дамуы үшін бар мүмкіндіктер жастарды ерекше қызықтырды.

Іс-шараның маңыздылығы дәріскер карантин кезіндегі студенттердің өзекті проблемаларына - стипендия, қашықтықтан оқыту мәселесіне тоқталды. Студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға қатысты мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде «Жаңғыру жолы» ҚХА республикалық жастар қозғалысы басшысының орынбасары Тимур Джумурбаев студенттердің болашағы туралы айтып, еліміздің саяси өміріне белсенді қатысу үшін АТУ студенттері үшін Клуб ұйымдастыруды ұсынды.

Кейін қарай