Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Мамыр, 2023

284

ҚХА МЕН "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

2023 жылдың 29 мамырында Астанадағы Достық үйінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ҚХА XXXII сессиясында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен «Amanat» саяси партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты — қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша тараптардың өзара ынтымақтастық іс-қимылын қамтамасыз ету.

Қол қою рәсіміне ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Amanat» партиясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Марат Әзілханов өз сөзінде «Мемлекет басшысы Ассамблеяның еліміздің саяси жаңғыруында маңызды рөл атқаратынын, реформаларды қоғамдық қолдаудың кеңеюіне ықпал еткенін, сонымен қатар мемлекет дамуының стратегиялық міндеттерін шешуде барлық этнос өкілдерінің қатысуын атап өтуі бекер емес», - деді.

«ҚХА, оның қоғамдық құрылымдары мен этномәдени бірлестіктерінің қызметі қоғамды толғандыратын кең ауқымды мәселелермен жұмыс істеуге, этносаралық коммуникация, ақпараттық-идеологиялық жұмыстардың түрлі алаңдарын құруға және нығайтуға бағытталған.

Ассамблеяның қалыптасқан жұмыс форматтары бар. Бірақ біз басқа да қоғамдық-саяси институттармен ынтымақтастық аясында жаңа тәсілдерді енгізуге икемді боламыз», - деп жалғастырды М.Әзілханов.

«Amanat» саяси партиясының атқарушыхатшысы Елнұр Бейсенбаев «Еліміздің барлық саяси-қоғамдық күштерінің алдында біртұтас іргелі міндет – Тәуелсіздікті қамтамасыз ету және еліміздің тұрақты дамуы жолында халық бірлігін нығайту міндеті тұр, сондықтан біз активтеріміздің күш-жігерін біріктіруіміз керек. Ассамблея – халықты біріктіретін маңызды азаматтық институттардың бірі», - деді.

Кездесу барысында тараптар ұлттық бірлікті, қоғамдық келісімді және үйлесімді этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған ҚХА, оның қоғамдық құрылымдары мен этномәдени бірлестіктерінің жобалары мен түрлі іс-шараларына қатысу; мемлекеттік тілді насихаттау бойынша бірлескен жобалар; өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау, нашақорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ҚХА Аналар кеңесімен ынтымақтастық; жастарды әлеуметтік қолдау, тілдік волонтерлік, әскери-патриоттық тәрбие беру саласында «Ассамблея жастары» РҚБ өзара іс-қимыл; қайырымдылық және волонтерлік қызмет; этносаралық келісімді нығайту, осы саладағы ақпараттық арандатушылықтарға қарсы тұру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарыныңқызмет бағыттарын айқындады.

Іс-шара соңында ҚХА мен «Amanat» партиясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Кейін қарай