Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Сәуір, 2020

911

ҚХА-ның қайырымдылық іс-шаралары 2015 жылы заңмен бекітілді

4 сәуірде «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында Орал қаласында Батыс-Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы еріктілер қозғалысы орталығының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» акциясының үшінші кезеңі ұйымдастырылды. «Қоғамдық келісім» қызметкерлері, волонтерлік қозғалыстар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері тұрмысы төмен 30 отбасына көмек көрсетті.


«Бүгін біз аз қамтылған отбасыларға көмек көрсеттік, оларға бірінші кезекте қажетті азық-түлік пакеттері, антисептикалық құралдар, дәрі-дәрмектер және әр отбасына қажетті медициналық маскалар тараттық. Бұл игі бастамалар одан ары қарай да өз жалғасын таба бермек», - деді БҚО ҚХА жанындағы Еріктілер қозғалысы орталығының жетекшісі Ильяр Муталипов.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралары осы көктемде қайырымдылықтан басталғаны өте қуанышты. Бұл 2015 жылдан бастап ҚХА қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Еліміз бойынша бес жылдан астам уақыт бойы «Қайырымдылық керуені» акциясы ұйымдастырылуда. Бүгінде біздің қоғамда мұқтаждарға көмектесуге дайын жүрегі жылы адамдар өте көп. Бұл акция азаматтарды іс-әрекетке, яғни сөзден іске жұмылдыруды көздейді» - деді «Достық» Қазақ-Вайнах клубының өкілі Талғат Чудобаев.

Салтанатты басталған қайырымдылық шарасына қатысушылар он бес автокөлікпен бірінші кезекте қажетті азық-түлік пакеттерін тапсыру үшін мекенжайларға аттанды.

Кейін қарай